29
тамыз әлем Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы
іс-қимыл күнін атап өтеді. Оны Қазақстанның
бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған болатын. Осыған орай еліміз ұсынған тиісті қаулы да қабылданды.
Аталған қаулы адамдарға «ядролық сынақ жарылыстарының және кез келген басқа
ядролық жарылыстардың салдары туралы және оларды тоқтату қажеттілігі туралы»
ядролық қарудан азат әлем құру мақсатына жету үшін белсенді түрде білім беруге
және ақпараттандыруға шақырды. Қазақстанға да 29
тамыз – тарихи күн. 1991 жылы дәл осы күні
президенттің жарлығымен
Семей полигоны ресми түрде жабылды. 40 жылдың ішінде
республика аумағында 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Жарылыс қоршаған
ортаға, әсіресе адам денсаулығына орасан зор зиян келтірді. Ядролық
қаруды сынауды тоқтатудың негізгі құралы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу
туралы шарт болып табылады. Оны 1996 жылы 10 қыркүйекте Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Қазақстан
да келісімді әзірлеуге және қабылдауға белсене
атсалысып, оған алғашқылардың бірі болып қол қойды. Тәуелсіздік алғалы бері еліміз дүниежүзінде ядролық қарудан
азат әлем құру идеясының бастамашысы ретінде
танылды.