Қазақстанда жарты жылдан кейін ішкі ұшуларға арналған ресейлік «Байкал» ұшақтары шығарыла бастайды. Әзірге «Қазақстандық авиациялық индустрия» базасында әуе кемелерін тек жинау ғана жоспарлануда, алайда 2024 жылға дейін республика осы лайнерлерді жобалауды және өз өндірісін бастайды. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс мәлімдеді. Ол алдағы үш жылда Қазақстан өзінің ұлттық әуе паркін белсенді түрде толықтыруға ниетті екенін айтты.
Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
- Алдағы 3 жылда Қазақстанда 45 жаңа әуе кемесі пайда болады деп күтудеміз. Қазіргі уақытта 51 ұшақ тұрақты түрде рейстерде ұшады. Бұл көрсеткіш жыл сайын 10% өсіп отырады.
Әуе паркін кеңейту арқылы ұшу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар да өсуде. Айта кету керек, осы тұрғыдан алғанда Қазақстан ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15% асып, осы жазда алдын ала тексеру нәтижелері бойынша 84% көрсеткішке қол жеткізді.
Нұрбек Бекмұхамбетов, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары:
- 2021 жылдың басынан бастап авиациялық әкімшіліктің инспекторлары ұшақтардың ұшуға жарамдылығы бойынша 140-қа жуық инспекция өткізді. Инспекциялардың нәтижелері бойынша 1 500 ескерту анықталып, олар уақытылы жойылды. 2021 жылы рейстер қайта жанданды, тиісінше авиакомпаниялардан өтініштер көп. 2021 жылдың басынан бастап әуе кемелері үшін шамамен 122 ұшуға жарамдылық сертификаты берілді.
Қазақстанда ұшудың жоғары қауіпсіздігін тұрақты тәуелсіз халықаралық инспекциялар растайды. Осы жазда Еуропалық Комиссияның шешімімен біздің еліміз ЕО елдеріне ұшуға тыйым салынған авиакомпаниялардың «қара тізімін» сәтті айналып өтті. Осылайша бұл салада серпіліс барын дәлелдеді.
Авторы: Ақзер Сегізбай