Қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінде өзекті тақырыптар көтеріледі. Биыл VII жиынның секциялық отырыстарында «Қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі», «Діни лидерлер мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы тұруға қосқан үлесі» секілді бірқатар мәселелер талқыланады.
Әйелдердің қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесі де қамтылады. «Осындай игі іс-шаралар арқылы қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады», - дейді дінтанушы Қайрат Құрманбаев.
Қайрат Құрманбаев, Қазақстан дінтанушылар конгресінің төрағасы:
– Қазақша Өзіндік декларациялар қабылданып жатады бұндай жиындар соңынан. Бұл өз кезегінде көпконфессиялы, көп этностар шоғырланған қазақ елінде, Қазақстанда тұрақтылықты, қоғам тұрақтылығын, тыныштығын, ауызбіршілігін қамтамасыз етуде үлкен септігін тигізетіндігі сөзсіз.