Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанның Самарқанд қаласына жүр. Бүгін Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Бейсенбі күні Қазақстан басшысы Ұйымға мүше мемлекеттердің президенттерімен бірге «Silk road» туристік орталығында ағаш егу рәсіміне қатысты. Содан кейін мемлекет басшылары бейресми кездесу өткізіп, Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешенімен танысты, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады. Айта кетерліші, биылғы саммитке 15 елдің президенттері қатысады. Оның қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту және кеңейту бойынша маңызды шешімдер қабылданады деп күтілуде.