Қазақстанда туристік ауылдардың Топ-5 анықталды

Қазақстанда туристік ауылдардың Топ-5 анықталды

Қазақстанда Топ-5 туристік ауыл анықталды. Kazakh Tourism ұлттық байқаудың қорытындысын шығарды. Ұлттық компанияның мәліметінше, үздік бестікке Жетісу өңіріндегі Лепсі, Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов және Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы, сондай-ақ еліміздің шығыс аймағындағы Поперечное елді-мекені және Қарағанды өңірінің Шабанбай би ауылы енді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендерде дәстүрлі қызмет түрлерін сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Жобаның міндеті - жаңа бағыттар мен теңтүпнұсқалы туризмге қызығушылық танытқан саяхатшылар үшін ауылдарды тарту орталығына айналдыру. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстан намысын қорғайды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?