Қазақстанда баламалы қуат көздерінің электр энергиясын өндіру көлемі бір жылда бірден 21%-ке артып, шамамен 4 миллиард киловатт-сағатты құрады. Бұл ретте елде жел электр станцияларының үлесі басым түсіп, 1,6 миллиард киловатт-сағат жарық өндірілген. Былтырғыдан 38 жарым процентке көбірек.
Екінші орын жыл бойы күннен бір жарым миллиард киловатқа жуық қуат берген нысандарға тиесілі. Ал шағын су электр станцияларына келсек, олар алдыңғы жылдан 17 жарым процентке артық энергия шығарған. Биоэлектр нысандарының жұмысы болса, керісінше, 1 миллион киловатт-сағатқа дейін азайып қалған. Елдің «Жасыл экономикасына» бағытталған инвестициялар көлемі былтыр 103 миллиард теңгеден асып жығылды. Салаға тартылған бар қаржыны өңірлерге шаққанда Жамбыл, Ақтөбе және Ақмола аймақтары көш бастады.