Қазақстанда тағы 2 жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда тағы 2 жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болуы мүмкін. Бұл – 9 қыркүйекте тойланады деп жоспарланған кәсіпкерлер күні мен Жарнама маманы күні. Соңғысы желтоқсанның 19-ы атап өтілмек. Мерекелер тізіміне толықтыруларды Ұлттық экономика министрлігі енгізген. Қазіргі уақытта құжат жобасы қоғамдық талқылауда. Ол 8 тамызға дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» веб-сайтында көпшілікке түсіндіру үшін қолжетімді болады.