Ратификацияланған хаттамаға сәйкес тараптардың құқықтық қызмет көрсететін құзыретті мекемесі Бас прокуратура болып белгіленді. Бұған дейін бұл міндет Ішкі істер органдарына жүктелген болатын. Сонымен қатар тараптардың дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етуді көздейтін бапқа өзгеріс енгізілді. Құжат екі елдің азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.