Қазақстанда суды үнемдеудің цифрлық технологиялары енгізілуде

Қазақстанда суды үнемдеудің цифрлық технологиялары енгізілуде

Алматы облысының егіс алқабында суды тиімді пайдаланудың жаңа технологиясы сынақтан өтуде. Бұдан былай, егістікке қажетті ылғал көлемін жасанды интеллектісі бар сандық жүйе есептейді. Бұл алқаптағы жұмысты толық автоматтандыруға және суды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, суды есептеудің ақылды құралдары республиканың басқа өңірлерінде де енгізілмек. Мысалы, Қызылорда облысында күріш алқаптарын автоматтандырылған жүйелер арқылы басқару мүмкіндігі сынақтан өтіп жатыр. Заманауи цифрлық құралдар су тұтыну туралы ақпарат ұсынып қана қоймай, неғұрлым тиімді басқару шешімдеріне қажетті талдау деректерін қалыптастыруға жол ашады. Егер алғашқы қондырғылар судың едәуір көлемін үнемдеуге мүмкіндік берсе, оларды Қызылорда облысының арнайы таңдап алынған күріш алқаптарында жаппай орнату жоспарланған.


Шолпан Бастаубаева, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

- Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы құрғақшылыққа бейім, бұл аумақтарда сынақ жүргіземіз, фермерлеріміз су жетіспеушілігін сезінуде. Біз ақылды суару тәсілі сыналатын стационарды көрсеттік. Алдымен, дрондар бүкіл аумақты шолып, су жетіспеген егістікті анықтайды. Топырақ ылғалдылығын  бақылайтын құрылғылар орнатылған. Бағдарлама осы аумаққа қанша су қажет екенін анықтап, дәл мөлшерімен суарады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?