Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник Лайт» вакцинасын шығара бастады. Ресейдің Н.Ф. Гамалеи атындағы ғылыми-зерттеу институтының ревакцинация үшін әзірлеген препараты өткен жылдың ортасында Қазақстанда тіркелген. Оның тиімділігі 79,4% дәлелденді. Бүгінде вакцинаның валидациялық партиясы әзірленіп, сапасын бақылау үшін Ресейге жіберілді.
Қарағанды фармацевтикалық кешені бұған дейін коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандықтарды вакциналау үшін «Спутник V» вакцинасын шығаруды қолға алғанын айта кеткен жөн. 2021 жылдың ақпанынан бері кешен 7 млн доза вакцина өндірді. Енді халыққа ревакцинация жасау үшін бір компонентті «Спутник Лайт» препаратын шығаруды қолға алып отыр.