БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі кездесу әлем геосаяси текетірестің жаңа кезеңіне қадам басқан адамзат үшін сындарлы кезеңде өтіп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының жалпы дебаттарында сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып жатыр. Жаһандық тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алмады. Қауіпсіздік архитектурасы жойыла бастады. Әлемдік державалар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам артып келеді. Әлем әскери қақтығыстардың жаңа толқынының құрбанына айналды. Біз бірінші рет екі буыннан кейін ядролық қаруды қолдану қаупімен бетпе-бет келдік.
Сонымен қатар, сессия барысында мемлекеттер арасында экономикалық және саяси текетірестің күшейгені де атап өтілді. Салдарынан азық-түлік жеткізу тізбегін жойылып, миллиондаған адам зардап шегіп отыр.
Антониу Гутерриш БҰҰ Төрағасы:
– Бізге барлық бағыт бойынша әрекет ету керек. Бос қиялға ермейік. Біздің планетамыз қазір отқа оранып жатыр. Теңсіздік қатты өсті. Ұйымның жарғысы мен қағидаттарына қауіп төніп тұр. Қарапайым адамдар, әсіресе әлсіздер жапа шегіп жатыр. Біз шұғыл түрде әрекет етуіміз керек.
Гутерриштің сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев та қуаттай түсті. Президент дүниеде тұрақтылық орнау үшін не қажет екенін айтты. Алдымен мемлекеттердің егемендігін сақтамақ керек. Одан кейін территориялық тұтастықты құрметтеу қажет. Үшінші қағида - елдердің өзара бейбітшілікте болғаны маңызды. Сондай-ақ, президент климаттың өзгеруі тіралы да тілге тиек етті.