Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа ережелері орнатылды. Республикалық ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, елден тыс жерлерге шығатын адамдар үшін бірқатар жеңілдік енгізілген. Енді қазақстандықтар жерлеу рәсіміне, сондай-ақ отбасының немесе жақын туыстарының ауыр науқас мүшелерін күтіп-бағу үшін жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге шекарадан өте алады. Алайда ведомствода атап өткендей, олардың растайтын құжаттары болуы тиіс. Дәл осындай шарт шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де қолданылады. Сондай-ақ олар үшін Қазақстан аумағына келуге болатын туыстар тізімі кеңейтілді.
Ерлан Данияров, ҰҚК Шекара қызметі, шекаралық бақылау департаментінің офицері:
- Ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылардан басқа, асырап алушылар мен асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар, ата, әже және немерелер қосылды. Бұл шарттарға немере ағалары мен әпкелері кірмейді. Бұдан басқа, 30 тәулікте 1 реттен асырмай шетелдіктерге зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге шекарадан өтуге рұқсат етіледі.