Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Титул үшін Ян Непомнящий мен Дин Лижэн таласады. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін ауқымды шара 14 партиядан тұрады. Елордаға бірқатар танымал тұлғалар, атап айтқанда ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович, шахматтан 14 және 15-ші әлем чемпиондары Владимир Крамник пен Виши Ананд, шахматтан әйелдер арасындағы төрт дүркін әлем чемпионы Хоу Ифань және т.б. келеді деп жоспарланған. Чемпионат аясында олар семинарлар мен ойын сеанстарын өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мен әлемнің әйелдер құрама командалары арасында рапид және блиц бойынша халықаралық матч өтеді. Сондай-ақ балалар турнирі ұйымдастырылмақ.