Солтүстік Қазақстан облысында дронның көмегімен дала аумақтарына мониторинг
күшейтілді. Жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған дрондар нақты уақыт
режимінде жағдайды әуеден бақылауға мүмкіндік береді - осылайша өрт қаупіне
жедел жауап қайтарады. Жазғы маусымның басталуымен шұғыл қызметтердің жұмысы
күшейтілген режимге көшті. Әуе бақылауы мен AI-технологиялары Төтенше Жағдайлар
департаментінің қызметкерлеріне оттың таралу қаупін ерте анықтауға және оның
алдын алуға көмектеседі. Инфрақызыл камералы ұшқышсыз ұшу құралдары тиімділігін
танытты. Олар өрт тұтану қаупі бар аумақты қараңғы түнде де анықтауға қабілетті.
Түтін байқалған сәтте жүйе Жедел басқару орталығына автоматты түрде сигнал
береді. Бүгінгі таңда өңірде AI негізіндегі 20-ға жуық дрон іске қосылған, олар
өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысында сенімді құралға айналды.

