Нью-Йорктегі штаб пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Украинаға қатысты 11-ші төтенше арнайы сессиясы өтті. Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш дағдарысты бейбіт жолмен шешуге және адам құқықтарын құрметтеуге шақырды. Өз сөзінде Украинадағы оқиғалар Еуропада соңғы онжылдықтағы ең ауыр гуманитарлық және миграциялық дағдарысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, атыстан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін БҰҰ тарапынан қосымша 20 млн доллар бөлінді.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
- БҰҰ-ның әрбір мүшесін ұйым жарғысын сақтауға шақырамын және Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер дипломатиялық жолмен шешіледі деген үміттемін.