Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеті жылдық президенттігі Қазақстанның даму моделін құрылымдық трансформациялау және елдің халықаралық беделін нығайту кезеңіне айналды. Реформалар жаһандық турбуленттік жағдайында іске асырылды, алайда республика макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, Қазақстан серпінді даму жолына түсті, деп мәлімдеді өз мақаласында премьер-министр Олжас Бектенов. Мақала Egemen Qazaqstan және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған. Ел экономикасының көлемі 1,7 есе өсті. Айта кетейік, оған құрылыс, көлік және қызмет көрсету секторы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі негізгі үлес қосқан. Соңғысының көрсеткіштері 2,5 еседен астам өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да 12 жарым трлн-нан 23 трлн теңгеге дейін өскен. Басты назарда - елдің транзиттік әлеуеті. Жеті жыл ішінде республикада мың шақырымға жуық жаңа темір жол салынды, Каспийдегі порттар жаңғыртылды, Транскаспий бағыты бойынша тасымал көлемі бес есе өсті. Бұл жетістіктердің барлығы Мемлекет басшысының Қазақстанның одан әрі орнықты дамуына және қазақстандықтардың бақуатты өмірінің берік іргетасын қалауға ұмтылысын көрсетеді. Бұлмақсат еліміздің жаңа Конституциясы жобасының түп негізіне айналды.

