Қазақстанда қолөнершілер форумы өтеді

Қазақстанда қолөнершілер форумы өтеді

Қазақстанның туристік картасын байыта түсуге қолөнершілердің қосар үлесі мол. Әсем табиғат, деңгейлі инфрақұрылым, жоғары сервис - бұл туристерді тартудың негізі десек, ал оны толқытырып, ерекшелендіретін қолөнершілердің ұлттық нақышта жасаған өнімдері. Бұл туралы арнамызға берген арнайы сұхбатында «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниел Сержанұлы айтты.

Спикер, соңғы бірнеше жылда компания отандық шеберлердің мәселесін тыңғылықты зерттеп келетінін айтты. Соның маңыздыларының бірі – қолөнершілікті отандық туризмге тиімді кірістіру. Осы және өзге де мәселелерді шеберлермен талқылау мақсатында ұлттық компания биыл барлық өңірдегі қолөнершілердің басын қосып үлкен форум өткізуді жоспарлап отыр. Келешекте шараны дәстүрге айналдыру көзделген.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism»ҰҚ» АК басқарушы директор:

– Қолөнершілердің сұрағы жеке алған кезде үлкен бір сұрақ. Өткен жылдары өткізген біздің зерттеуіміз бойынша мәселелер де көп. Ол өз алдына үлкен бір тақырып. Оны талқылау үшін, зерделеу үшін Алматыда күзде үлкен форум ұйымдастырмақпыз. Қолөнершілер форумы. Сол жерде біз тапқан проблемаларды қалай шешу керекпіз және осы қолөнер саласын басқа креативті салалармен қалай біріктіріп, туризмге пайда жасаймыз сол туралы айтатын боламыз.

 

Автор: Ақзер Сегізбай