Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте аталған диагноз 831 қазақстандықта анықталған. Айта кетейік, бір күн бұрын статистика еліміз бойынша 775 науқас анықталғанын көрсеткен болатын.
Өткен тәулікте Алматыда бірден 128 адам қатерлі індетті жұқтырса, Атырау облысында 107 Павлодар облысында 87 науқас анықталған. Жалпы республика бойынша осы күнге дейін 160 мыңнан астам коронавирус індеті расталды.
Айта кетейік, елде індеттен сауығып шыққандар қатары да артып келеді. Өткен тәулікте коронавирустан 723 адам жазылып шықты. Осылайша індетті жеңгендер саны 147 мың 500 адамнан асты.