Қазір әлемді алаңдатып отырған метапневмовирустық инфекция пандемиясы қауіпті
емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірі осыған саяды. Сарапшылар аталған
індетке қарсы төтенше жағдай жариялаудың қажеті жоқ деп санайды. Метапневмовирус
дәрігерлерге жақсы таныс індет. Себебі ол бұған дейін де бірнеше рет көбіне қыс
мезгілінде тіркелген. Яғни, мамандар оны ауа райының суық мезгілінде кездесетін
қарапайым ауру екенін айтады. Бұл дертті жұқтырған адамның тыныс алу
мүшелерінде қабыну процесі жүріп, дене температурасы жоғарылайды. Вирус ауа
арқылы тарайды және әдетте салдары ауыр болмайды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

