Таиланд коронавирусты эндемиялық деп жариялауды жоспарлап отыр. Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ресми мәлімдеме осы жылдың шілде айына жоспарланған. Министрлік коронавирустың эндемиялық ауруға өтуінің төрт кезеңі анықталғанын атап өтті. Қазір ел бірінші кезеңде тұр. Сондай-ақ ол наурыздан сәуірге дейін созылады. Екіншісі сәуірден мамырға дейін жалғасады. Ал үшінші кезеңде коронавирусты жұқтыру деңгейі азаяды деп жоспарланып отыр. Бұл кезең мамырдың аяғынан маусымға дейін жалғасады делінген. Ал соңғы, постпандемия кезеңі 1 шілдеде басталады. Таиландтың Денсаулық сақтау министрлігі егер вирустан қайтыс болғандар саны 1 мың адамға шаққанда 1 жағдайдан аз болғанда ғана инфекция эндемиялық болып есептелетінін атап өтті.