Кәдеге жарату алымының жаңа мөлшерлемелері осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Нәтижелері туралы ақпарат бейінді министрліктің сайтында орналастырылатын болады. Әзірше бұл қызметтің қолданыстағы алым мөлшерлемесінің құны «Жасыл даму» операторына төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осы акционерлік қоғамға «ӨКМ Операторы» қызметін орындау жүктелген. Ол – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бағынышты ұйым.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов