Қазақстанда ішкі әуе қатынасы дамытылуда. Қазір елімізде ұшақтар 23 бағытқа қатынайды. Осылайша шалғай аудандардың арасын жалғап, ұшу географиясын кеңейту жоспарланып отыр. Жуырда Алматы-Тараз әуе желісі ашылды. Биылдың өзінде әуе желілерін, бағдарларын түзуге 5 млрд теңге бөлінген. Қаржы республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан алынады.
Кейбір аймақаралық рейс мемлекет тарапынан субсидияланып, ұшақ билеті анағұрлым арзандағанын айта кету керек. Әуе компаниялары бұл бағыттар қазақстандықтар арасында танымал екенін айтып отыр. Сондықтан тұрғындар да мұндай ұшақтарды жыл бойына жүзеге асыруды сұрайды.
Руслан Шаяхин, Азаматтық авиация комитетінің бас сарапшысы:
- Алматы-Үржар, Нұр-Сұлтан-Үржар секілді туристік әуе бағыттарына ұшақтар тек мамыр мен қазан аралығында 6 ай ғана ұшады. Ұшу тоқтап қалған кезде халық оларды қайта іске қосуды сұрайды. Алайда туристер ағыны азайған соң бортты толтыру да қиын. Мұндай әуе рейстерін жыл бойы ұшыру бюджетке салмақ салады.