Ел Сенаты Достастыққа мүше мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау және қорғау ынтымақтастығына қатысты келісімді мақұлдады. Құжат интернетте осы бағытта құқықтардың бұзылуына қарсы іс-қимыл тетіктерін құру жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, іске асыруға бағытталған. Яғни, қатысушы елдер халықаралық деңгейде осы ортақ мәселені реттеудің оңтайлы нұсқаларын бірлесіп іздейтін болады.
Айта кетейік, былтыр ТМД-ның сегіз мемлекеті осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Қазіргі таңда бұған қатысты мемлекетішілік рәсімдерді Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыз, және Өзбекстан елдері өткізіп қойған.
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутты:
- Мемлекетіміздің заңнамасын басшылыққа ала отырып, келісімді іске асыруды қамтамасыз ету барысында: заңнаманы жетілдіру; қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтасты тереңдету және ақпарат алмасу; аталған саладағы заңсыздықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; осы тақырып бойынша семинар, конференция және бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытады.