Қазақстанда инвесторлардың мүддесі қорғалады

Астана халықаралық қаржы орталығының соты мен халықаралық төрелік орталығы алты жылда 2600 жуық инвестициялық дау-дамайды оңтайлы шешкен. Қарастырылған даулардың дені коммерциялық салаға қатысты. Көмекке елімізге қаржы құйып, бизнесін дөңгелетіп отырған 28 мемлекеттің инвесторлары мен жетекші бизнес өкілдері жүгінді. Оның ішінде Еуропа елдерімен бірге Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі, Үндістан мемлекетінің өкілдері бар. Болашақта АХҚО, ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформаға айналуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда орталықтың Еуразияның 9 елінде кеңселері бар. Соңғысы Бейжің қаласында ашылды.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда бизнесін ашқысы келетін инвесторларды, әсіресе, сенімді құқықтық қорғау қызықтырады. 

Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО сотының және ХТО тіркеушісі, аппарат басшысы 

– Біз осындай істерді қарау үдерісін жеделдетіп қана қоймай, шешімдерімізбен Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға ықпал етуге тырысамыз. Өйткені бұл жол ел экономикасы үшін өте маңызды. Сонымен қатар, біз бизнесмендердің беделін сақтап, көбірек инвестиция тартамыз, бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуы үшін маңызды.