Үлкен жетілік елдері Орталық Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларға 200 млрд доллар инвестиция салуға әзір. Қаржының басым бөлігі Қазақстанға бағытталмақ. Оның ішінде көлік пен логистика, таза энергия өндірісі, ауыл шаруашылығы тауарлары, сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеу салаларындағы жобалар басты назарда болады.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл әріптестік бағдарламасының басты мақсаты – әлемдегі азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тасымалдау жолдарын әртараптандыру.