Қазақстанда ғарыш спутниктерін шығаруға 140 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді

Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» хабарлады. 2030 жылға дейінгі жаңартылған даму жоспарына сәйкес, еліміз ішкі нарыққа арналған ғарыш аппараттарын құрастырып, шығарады. Бұл – жоғары және орташа айырымдағы, сондай-ақ күніне кемінде бір рет спутниктік суретке түсіру мүмкіндігі бар Жерді қашықтан зондтаушы зымырандар. Нәтижесінде KazEOSat-2 және KazEOSat-1 ауыстырылады. Сонымен қатар шағын спутниктерді шығару да жоспарда бар. Бұл мақсаттарға жеке инвестициялар тартылмақ.

Тағы бір айта кетерлігі, осы жылы технологияларды сынау және ұшу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жұмыстары басталады. Ал 2024 жылдан шағын өндіріске шығу мақсат етілген. Сондай-ақ Қазақстан халықаралық тапсырыс берушілерге ғарыш аппараттарын әзірлеуге арналған құрамдас бөліктер жеткізуге және өңдеу қызметтерін ұсынуға қатысады.