Қазақстанда ең көне қорым табылды

Қазақстанда көне қорым табылды. Отандық және халықаралық зерттеушілер тобы еліміздің шығысындағы Көкен қалашығында жүргізген қазба жұмыстары кезінде бір қорымда екі адамның сүйегі болған. ДНҚ сараптамасы олар жасөспірім мен ересек адамға тиесілі екенін, ал қорым біздің дәуірімізге дейінгі 6 мыңжылдықтың ортасына жататынын көрсетті. Археологтардың пайымдауынша, бұл республика аумағындағы табылғандардың ішіндегі ең көнесі болуы мүмкін. Сондықтан бұл жаңалық қазақстандық археология үшін өте маңызды.

Паула Доумани Дюпюй, Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, археолог:
-
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең көне және ең ұзақ кезең. Қазақстанда археологиялық ескерткіштер өте көп, бірақ ол кездегі адам қалдықтарының табылғаны туралы деректер жоқ. Ал оларды Көкен қонысынан табу бақыты бұйырды. Осы жаңалықтың арқасында жеті мың жылдан астам уақыт бұрын аймақты мекендеген адамдардың өмірі туралы мәліметтерге қол жеткіздік.

Айдын Жүнісханов, Назарбаев университеті оқытушысының көмекшісі, археолог:
-Көкентауда табылған неолит дәуірінің қаңқа сүйегі ол адамның қаңқа сүйегі Қазақстан археологиясы үшін  Жалпы Қазақстан ғылымы үшін, тарих ғылымы үшін екі жаңалық әкелді. Бұл біріншіден, Қазақстандағы  ең ежелгі адамның қаңқа сүйегін таптық, бұған дейін бұндай қаңқа сүйектер табылмаған болатын. Бұған дейінгі табылған қаңа сүйектердің барлығы жасы жағынан кішкентай болатын. Бұл әзірге ең үлкені. Радиокарбондық мәліметтер негізінде дәлелденген мәліметтер, анализдер нәтижесі бойынша айта аламыз. Екіншіден, бұл бізде зерттеу методикасын өзгертті.