Қазақстанда химия және металлургия салаларында жалпы құны 10 млрд доллардан
асатын 5 ірі бастама қолға алынды. Жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар қосылған
құны жоғары өнім шығаруға бағытталған. Үкіметте жоғары деңгейде өңделген отандық
өнім өндірісі кластерін құру мәселелері қаралды. Осылайша, елде қуаттылығы 300
мың тонна катодты мыс балқыту зауытының құрылысы жүргізілуде. Қарағанды
облысында «Qarmet» кәсіпорыны кешенді түрде жаңғыртылмақ. Зауытта өндіріс
көлемін арттыра отырып автомобиль жасау кәсіпорындары үшін өнімнің жаңа
түрлерін шығару көзделіп отыр. Инвестиция көлемі үш жарым млрд долларды
құрайды. Ал Қостанай өңірінде қуаты жылына 2 млн тонна болатын ыстық
брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Бұл кәсіпорын металлургия
саласында экологиялық таза технологияларды енгізу үшін тірек нысанына айналмақ.
Сондай-ақ, еліміздің батыс және Маңғыстау аймақтарында да екі бірдей жаңа
өндірістік кешен бой түзейді. Алғашқысында калий хлоридінің, екіншісінде аммиак-карбамидінің
өндіріс жолға қойылмақ. Соңғысы ішкі нарықтың минералды тыңайтқыштарға деген
сұранысын қамтамасыз етеді. Өндіріс ошағын 2029 жылы іске қосу жоспарланған.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

