Алдыңғы 2021 жылмен салыстырғанда өсім көлемі 35 % құрап отыр. Инвестициялардың үштен бірі елорданың үлесіне тиген. Бұл шамамен 93 миллиард теңге. Тағы бір ауқымды бөлігі Шығыс Қазақстан облысына бағытталды. Нақтыласақ, 21,5 миллиард теңге жұмсалды. Үшінші орында тұрған Жамбыл облысының еншісіне 20,6 миллиард теңгедей қаржы бағытталды. Алматы қаласына ұлттық валютамен 18,6 миллард қаржы құйылған. 17 жарым миллиард теңге Түркістан облысына, ал осыдан жарты миллиардқа кем сома Шымкент қаласының үлесіне тиген. Қарағанды облысы 15,5 миллиард теңгені қанағат тұтқан. Ал инвестициялардың ең төменгі үлесі Атырау және Ұлытау облыстарында тіркелді. Бұл өңірлер сәйкесінше 1 миллиард және 1,4 миллиард теңгеден алды.
Аталған деректерді Финпром.кз сараптама орталығы жария етті. Порталдың дерегі бойынша инвестициялардың үштен бірі кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Тағы үштен бір бөлігін жергілікті бюджет қаржыландырды. Қаржының қалған бөлігі республикалық бюджет пен банктік емес несие тарту жүйелері арқылы тартылды.