Қазақстанда дәрігерлер мен науқастарға арналған АІ негізінде көмекші құрылды

Қазақстанда дәрігерлер мен науқастарға арналған АІ негізінде көмекші құрылды

Отандық медицинадағы жасанды инттеллект. Қазақстанда созылмалы және инфекциялық емес ауруларды басқаруға арналған платформа іске қосылды. Бұл заманауи жүйе дәрігерлер мен науқастардың өзара байланысын оңтайландыруға бағытталған. QMed қосымшасы толық автоматтандырылған. Қағазбастылықты азайтып, қателіктер қауіпін төмендетеді. Бастысы уақытыңызды үнемдейді. Тиісінше пациенттер денсаулығын тұрақты қадағалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы қосымшаны пайдаланады. Былтыр бұл жүйенің көмегімен елордада жедел жәрдем шақырулардың жалпы саны 60%, ал дәрігерді үйге шақыру көрсеткіші 64% азайған. Озық отандық жобаны енді Жамбыл, Қызылорда, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Нұрлан Биiмбет, жобаны әзірлеуші:

- Біз әзірлеген платформа науқастарды «жасыл», «сары» және «қызыл» аймаққа бөледі. Егер пациент «сары аймаққа» түссе, оған автоматты түрде «Сіз сары аймаққа түстіңіз. Сізден осындай ауру белгілері анықталды, дереу дәрігерге хабарласыңыз» деген хабарлама жіберіледі. Сол сәтте платформа медициналық ұйымдағы дәрігер және медбикеге де ескерту жібереді. Яғни, олар «сары» аймақтағы науқастарды көріп шұғыл шара қолдана алады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?