Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды. Айта кетейік, елімізде биыл бағдарлама аясында бөлінген квота 7 есеге артқан. Яғни, осылайша 7000 отбасы бала сүю мүмкіндігене болмақ. Экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасы мемлекет есебінен жүргізілетінін атап өткен жөн.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияның нәтижесінде 45-60% жағдайда бала көтеруге болады.
Біздің елде ЭКО тиімділігі орта есеппен 15% -тен 42% -ке дейін өсті. Нәресте дүниеге келгеннен кейін емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.
Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Сонымен қатар экстракорпоралды ұрықтандыруға отбасылық жұптар да, некесін заңдастырмаған жеке адам да қатыса алады. Соңғы жағдайда міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек. Бүгінде елімізде 11030 әйел бедеулікпен есепте тұр.
Авторы: Әсел Күшенғалиева