Қазақстанда азық-түлік өндірісі 10,5%-ға артты

Қазақстанда азық-түлік өндірісі 10,5%-ға артты

Инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлері Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында пысықталды. Жиын Үкімет басшысының төрағалығымен өтті. Қазір Ұлттық Банктің қатысуымен инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі қысқа әрі ұзақмерзімді шаралар кешені жасақталды. Негізгі бағыттар - ішкі өндірісті ұлғайту мен тарифтік саясаттың болжамдылығын арттыру. Сонымен қатар, базалық тауарларға бағаны тұрақтандыруға басымдық беріледі. Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары бойынша бәсекелестік бағаны сақтап отыр. Салалық одақтармен меморандумдарға қол қойылды. Маусымнан тыс уақытта бағаны тұрақтандыру үшін 30 мыңнан астам жеткізіп беру келісімшарты жасалды. Қытайдан, Пәкістаннан және Өзбекстаннан бірнеше тонна ерте пісетін көкөністер жеткізілді. Жалпы биыл алғашқы 5 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсті. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға артты. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?