Қазақстанда алғаш рет театр және кино өнері майталмандарына арналған «Асанәлі» сыйлығы табысталмақ. Ол қазақ өнерінің жарық жұлдызы Қазақстанның Еңбек Ері, аты аңызға айналған Асанәлі Әшімұлының 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылды. Сыйлық еліміздің үздік актерлеріне, режиссерлеріне, сценаристерге беріледі. Үміткерлерді арнайы құрылған сарапшылар тобы ұсынып, үздіктерін анықтайды.
Еркін Жуасбек, М. Әуезов атындағы драма театрының директоры:
– Дәл қазір алғаш рет ұйымдастырылып жатқан сыйлықта ешқандай жас шектеуі жоқ. Қазір ғана тапсырма алып шықтық. Барлық театрлардың осы соңғы жылдардағы үздік жұмыстарын экранға шыққан туындылардың ең үздік жұмыстарын ұсынатын боламыз. Сол жерде үлкен талқылау болады да соның ішінен бес жүлденің иегері анықталады.