Бұл туралы дәрігерлермен кездесу барсында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Оның айтуынша, ауылдарда медицинаны жетілдіруге кадрлық саясаттан бастап жабдықтарды жаңартуға және қызметтердің қолжетімділігіне дейін жүйелі түрде қарау қажет. Министр атап өткен негізгі мәселелердің ішінде медициналық мекемелердің нашар жабдықталуы, мамандардың тапшылығы және дәрігерлердің қарауына кезектің көп болуы аталды.
Осы және өзге де өзекті мәселелерді шешу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Ол алдағы бес жылға есептелген. Жоспар аясында ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндет көзделген.
Жәмила Әбеуова, Алматы облысы ДСБ Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының директоры:
- Ауылдық аймақтар – ең осал келетін, ең алыс орналасқан мекендер. Бүгінгі таңда біздің алдымызда құрылымды жақсарту, медициналық көмекті, атап айтқанда, аз мамандандырылған көмекті, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тұрғындардың тұратын жеріне жақындату міндеті тұр. Бұл дегеніміз – әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмекті жақсарту, сондай-ақ жергілікті жерлерде көмек көрсету және оңалту. Әсіресе биыл COVID-19-бен ауырған тұрғындарға көмек көрсетуді көздеп отырмыз.
Авторы: Ақзер Сегізбаева