Қазақстанда алаяқтықпен күрестің жедел алаңы іске қосылады. Ұлттық банктің мәліметінше, толық функционалы бар антифрод-орталық 22 шілдеден бастап жұмыс істейді. Ол алаяқтық операцияларға жедел шара қабылдап, күдікті ақша аударымдарына тосқауыл қоя отырып, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздігін сақтайды.
Әсел Қаратаева, ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйесі саясаты басқармасының жетекші маманы:
– Жоба Антифрод-орталық қызметін жүзеге асыру және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асырудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды. Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болып табылады. Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.