Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке қаңтар оқиғасын тергеу барысы баяндалды. Сондай-ақ, шетелден активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Қылмыстық істер бойынша фигуранттардың қылмыстық жолмен жинаған капиталының шығып кетуін анықтау мақсатында олардың шетелге жылыстатылуына талдау жасалуда.
Президенттің жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы да сөз болды. Соның ішінде, Бас прокурордың Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы туралы Конституцияға түзетулер дайындалып, «Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заң әзірлеу басталды.