Қазақстан-Ресей шекарасында елімізге келетін шетелдік азаматтар санының өсуі байқалуда. Республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жолаушылар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюы төрт автомобиль өткізу пунктінде байқалатынын хабарлап отыр. Сонымен қатар, қалған 30 өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз кезегінде комитет тарапы жалпы, жағдай ерекше бақылауда екенін айтты. Шекара қызметі құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп шекара өткелдерінде қауіпсіздікті және құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Ресейдің шекара департаментімен өзара байланыс орнатылғанын да айта кеткен жөн.