Қазақстанда 500 жүрекке қосалқы қарынша трансплантациялау отасы жасалды

Қазақстанда 10 жылдан бері жүректің сол жақ бетіндегі қарыншасына қосымша құрылғыны трансплантациялау бойынша ота жасалып келеді. Осы аралықта елімізде 500 операция жасалған. Бұл өз кезегінде науқасқа аса қатерлі жүрек-қан тамырлары ауруымен күресіп, ары қарай қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді. HeartMate III атты құрылғыны трансплантациялау жүрек ауруларымен күресудің әлемдегі әзірге ең озық әдісі. Мұндай жауапкершілігі мол, өте қиын отаны Елордадағы жүрек орталығы мен оның тағы 3 филиалында жасайды. Қазақстандық мамандар тек ересек науқастарға ғана емес, балаларға да аталған отаны жасап келеді.

Салтанат Андосова, UMC орталығының кардиолог-дәрігері:

– Жүрек ауруы – қауіпті аурулардың бірі болып саналады. Алғашқы 5 жылда 50%-ға дейін қайтыс болып жатыр. Созылмалы жүрек жетіспеушілігіне ота бойынша бүгінгі таңда науқастарымыз тегін емделеді. Мемлекет тарапынан әр науқасқа шамамен 60 млн теңгедей бөлінеді. Қазақстанда тұратын әр науқасқа тегін өткізіледі.