Елімізде 5 өңірді су басу тәуекелі жоғары. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы қауырт маусымда қауіпті аймақтарды атады. Бұл тізімге Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Жалпы республика бойынша топан судың астында қалу қаупі бейім 285 елді мекен, 300-ге тарта автомобиль және 600-ден астам теміржол бөлігі бар. Бүгінде ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 60-70% құрайды. Сонымен қатар иесіз қалған 25 гидротехникалық құрылыс алаңдатушылық тудыруда. Қатары көбеймесе, азаймай тұр. Былтыр олардың саны 10 болған. Биыл 6 су қойманы, ал қалған 19-ын 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіру жоспарланған. Синоптиктердің мәліметінше, наурыз айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан екі градусқа жоғары болады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов