Қазақстанда былтыр 38 жаңа кен орны ашылды. Елде геологиялық барлау көлемі 2 млн шаршы шақырымнан асты. Бұл - жалпы алаңның шамамен 74 пайызы. 2026-шы жылға қарай бұл жұмыстардың көлемін 2 млн 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу жоспарланған. Жалпы бүгінде елдің Ұлттық тізбесінде 8 мыңға жуық пайдалы қазбалар тіркелген. Тек соңғы 30 жылдың ішінде ғана 300-ден астам жаңа кеніш ашылды. 15 шөгінді бассейн анықталған. Олардың ішіндегі ең ірісі - Каспий маңы. Оған бар қордың шамамен 80 пайызы тиесілі. Әліде жер қойнауын зерттеу мен салаға инвестиция тарту әлеуеті жоғары. Бұл ретта айта кетерлігі, Геолог күніне орай сала мамандарына алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген геологі» құрметті атағы берілді. Сондай-ақ, кәсіби мерекеде сала үздіктері мен ардагерлер «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

