Қазақстан қайта өңделген өнімді $626,5 млн-ға экспорттады

Қазақстан биылғы жылдың алғашқы үш айында шетелге 620 млн доллардан астам қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, біздің ел - ұн экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. 2022-2023 жылдары елден тыс жерлерге 2 миллион тоннадан астамы жөнелтілді. Салалық ведомствода атап өткендей, қазір терең өңделген астық өнімдеріне баса назар аударылуда. Бұл - макарон, ұн, кондитерлік өнімдер мен крахмал заттарын өндіру. Бүгінде Астана қаласында, Қостанай және Түркістан облыстарында үш жобаны  жүзеге асыру қолға алынды. Жалпы, 2026 жылға дейін Қазақстанда осындай 13 нысан іске қосылады деп күтілуде. Ал 2028 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу үлесі 70%-ға дейін жеткізіледі.

 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд. теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жалпы Кешенді жоспарды іске асыру тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына жақсы серпін береді, қайта өңделген өнімнің жалпы өндірісін 1,4 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.