Қазақстанда 2023 жылы денсаулық сақтау саласына 300 млрд теңге инвестиция тартылды

Қазақстанда 2023 жылы денсаулық сақтау саласына 300 млрд теңге инвестиция тартылды

Былтыр Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларына тартылған инвестициялар көлемі артты. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 43% ұлғайды. Өткен жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 300 млрд теңгеге жетті,- деп хабарлайды Finprom.kz. Ал сектордағы нақты капиталдың өсімі 36% асты. Ең көп инвестиция елорданың денсаулық сақтау саласына құйылған. Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан өңірлерінде осы бағытта тартылған қаржы да қомақты болды.