Оның 226-сы 2024 жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек. Қалғанының есіктерін 2025 жылдың соңына қарай ашу жоспарланған. Бұл туралы Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында еліміздің білім министрі мәлімдеді. Жиында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы кеңінен талқыланды. Бұл мақсатқа 2023-2025 жылдарға 2,6 трлн теңге қарастырылған. Қаражат республикалық бюджет пен Ұлттық қордан бөлінеді. Құрылыс жұмыстарына шамамен 1 трлн 360 млн теңге бағыттау көзделуде. Қаражат жоспарға сай кезең-кезеңімен игеріледі. Бұған қоса, жаңа білім ошақтарын ұстауға 200 млрд теңге жұмсалмақ.
Айта кетейік, жобаға жауапты компания мектептерді сапалы және мерзімінде салуға уәде етті.
Мәулен Айманбетов, «Samruk-Kazyna construction» АҚ басқарма төрағасы:
- Жайлы мектептердің жалпы білім беру ошақтарынан біршама айырмашылық болады. Мәселен, техникалық жарақтандыру көрсеткіші қазіргі 6% тен 20%-ке дейін ұлғаяды, спорт залдары көбірек болады. Арнайы зерттеу, робототехника сыныптары ашылады. Тіпті биномнан да айырмашылық бар, сондықтан оқушылардың сапалы білім алуы біздің қандай мектеп іргелерін қалайтынымызға тікелей байланысты. Біз ол үшін алдымен жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік сараптама жүргіземіз. Мақсатымыз осы.