Қазақстан шетелдік инвесторлармен жалпы құны 1,6 млрд доллардың жаңа келісімдерін жасасты. Елордада жаһандық инвестициялық форум барысында шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын 20-дан астам бірлескен коммерциялық жобаға қол қойылды. Бұл ретте Қытай, Түркия мен Араб елдері белсенді. Тараптар уағдаластығы негізгі экономикалық салаларды қамтиды. Айта кетейік өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 18% өсіп, 28 млрд долларға жетті. Бұл соңғы 10 жылда рекордтық көрсеткіш. Биылғы жылдың жартысында бұл меже былтырдың сәйкес кезеңінен тағы 13% артты. Жалпы Қазақстан 2029 жылға дейін сырттан кемінде 150 млрд доллар қаржы тартуға мүдделі. Осы мақсатта елімізде инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы құрылды. Оған 69 млрд долларға бағаланған 1000-ға жуық жоба кірген.
Руслан Ибраимов,
«Kazakh Invest» ҰК » АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Қазақстан
бизнес жүргізуге жағдай жасайтын үздік елдердің бірі. Бүгінде елімізде осы
бағытта 260-қа тарта түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Бірде-бір әлем мемлекеті
кәсіпкерлікті дамытуға бұндай мүмкіндіктер бермейді. Біз белгіленген кәсіп
түрлеріне қарай басымдықтар берілетін
арнайы тізім құрылады. Осы қатарға енгендері мемлекет ұсынатын көптеген қолдау
тетіктеріне ие. Бұл лекке тек қайта өңдеу жобалары кіреді. Қазақстанның бұл
бағытта даму әлеуеті мол. Елімізде өндіріс ошақтарын ашуға жері мен дайын
инфроқұрылымы бар өңірлер жеткілікті. Мәселен Қазақ инвест жыл сайын бұндай 70
жуық инвестициялық ұсыныс әзірлейді.
Ахмед Әл Дахил,
«Сауд Арабия-Қазақстан» іскерлік
кеңесінің төрағасы:
- Бірқатар саудиялық компания Қазақстанға
инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Олар жылжымайтын мүлік, ауыл
шаруашылығы, туризм мен өндірістік және технологиялық салаларға қаржы құюға
ниет білдіруде. Сондай-ақ су және желден
қуат өндіруге қатысты ірі жоба бойынша жол картасына қол қойылды. Бұл ретте 1,5
млрд доллардың келісімі жасалды. Ол жобаны 2027 жылға қарай қолданысқа тапсыру
жоспарланған.