Қазақстан Үкіметінде Алатау қаласын дамыту жобасы талқыланды

Қазақстан Үкіметінде Алатау қаласын дамыту жобасы талқыланды

Алатау қаласы жобасының инвестициялық портфельінің жалпы құны 2 трлн-ға жуық теңгені құрайтын 44 жобадан тұрады. Олар өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларында жүзеге аспақ. Ел Премьер-министрі Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы заманауи цифрлық шаһарды ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілегенін атап өтті. Болашақ қаланың экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жобаларды іске қосу үшін тәжірибелік жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте көпфункционалды іскерлік кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар. Қазір Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралуда.

Болат Жәмішев, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес мүшесі:

- Басты міндет - қала біздің елімізге қажетті жаңа өндірістер үшін ашық болуы керек. Жаңа шаһардың өзі осындай даму орталықтарының айналасында құрылады. Жоспарға сай 4 даму орталығы болады. Атап айтсақ, өнеркәсіптік және логикалық аймақтар, әкімшілік, ғылыми, медициналық, сонымен қатар Қапшағайға маңындағы туристік аймақ қалыптасады.

Гарри Уильям Доббс, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес мүшесі:

- Алатауда жаңа «ақылды» технологияларды басынан бастап енгізе отырып, қаланы нөлден жобалау үшін бірегей мүмкіндігіміз бар. Бұл шаһарға дамуы бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Сондықтан мен Алатау сити ұзақ мерзімді болжамды инвестициялар мен қала құрылысы шешімдерін қамтамасыз ету үшін экономикалық, қаржылық және құқықтық аспектілерді қамтитын кешенді шешімді біріктіреді деп санаймын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?