Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығы белсенді дамып келеді

Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығы белсенді дамып келеді

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Оның ішінде, сауда-экономикалық саласы да бар. Екі ел көптеген салалар бойынша, атап айтқанда, газ, көлік және логистика, энергетика, құрылыс, инфрақұрылым бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейтуде. Соңғы жылдары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымының көлемі тұрақты түрде 500 млн доллардан асады. Тараптар бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередов мемлекет басшыларының тұрақты негізде өтетін кездесулері екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қуатты серпін беретінін атап өтті.


Рашид Мередов, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі:

- Кездесу барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен және біздің президентпен түрлі салалардағы ынтымақтастығымыздың әлеуетін одан әрі арттыруға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы саяси-дипломатиялық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Өзара сауда-экономикалық байланысымыз өркен жайып, жаңа сипатқа ие болуда. Әрине, бауырлас елдердің ортақ тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары тамыры терең тартқан сабақтастығымызды қазіргі кезеңде жетілдіруге негіз болатын қуатты іргетас.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?