Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары Қосшыдағы бір жарым мың орындық мектеп-гимназияны аралап көруден басталды. Оқу орны жаңа ауданда орналасқан, жеке инвестицияларға және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының стандарттарына сәйкес салынған. Мұнда информатика, химия, физика, биология, технология, роботты техника, мобилография, көлік жүргізуге виртуалды оқыту, шет тілдерін үйрету кабинеттері, акт және спорт залдары бар. «Бірыңғай тәрбие бағдарламасы» аясында мұнда шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, би, фортепиано және домбыра бойынша спорт секциялары мен үйірмелер тегін жұмыс істейді
Мемлекет басшысы педагогтармен және оқушылармен әңгімелесіп, оларға жаңа оқу жылында табыс тіледі. Сондай-ақ Президент мектепке өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабын және Қазақстанда шығарылған автобус сыйға тартты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Қазақстанның озық мемлекетке айналғанын қаласақ, осындай роботты техника сияқты бағыттарды үйрену керек. Бұл – өте қажет. Балаларымыз әрқашан білімді болсын.