Кубик жинаудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды. Елордада өткен жарыста біздің құрама командалық есепте 13 медальға қол созды. Екінші орында - Үндістан, Қытай – үшінші сатыда. Айта кетерлігі, спидкубиктен Азия чемионатына әлемнің 13 елінен 116 қатысушы шеберлік байқасты. Олардың ішінде Жапония, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де елдің мықтылары бар. Шапшаң ойлы әрі епті қыз-жігіттер кубикті 17 түрлі әдіспен жинайды. Яғни көзін жұмып, топпен, жұппен, жекелері бар. Ең жас қатысушы 7-де, ал ең егдесі – 54 жаста. Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жылдамдыққа кубик жинау жарысын өткізу мәртебесін жеңіп алған алғашқы мемлекет.
Әли Ахатов, жарысқа қатысушы:
– Жалпы, Қазақстан 2017 жылдан бастап бірінші жарыс өткізді. Көбісі жақсы нәтижелерді көрсетті. Сол кезде біздің рекордымыз 9 сек болды. Қазақстандықтарға ол ең тез болып саналды. Қазір біздің рекордымыз 6,65 сек. Әр қатысушы осыдан асрыуға тырысып жатыр. Олар күнініе әр дессиплинадан 200-300 рет жинайды.