Қазақстан Президенті Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстармен танысты

Қазақстан Президенті Конституциялық реформаға қатысты ұсыныстармен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын өткізу күнін белгіледі. Жиын биыл 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтпек. Бұл жөнінде Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесінде белгілі болды. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен өткізді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты. 15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады. Ержан Жиенбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды. Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?