Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті. Александр Герлиц ерлер арасындағы биатлон жарысында 10 шақырым қашықтықта өнер көрсетті. 28 жастағы Петропавл тумасы – бұл жарыстардағы республиканың жалғыз өкілі. «Алтын» канадалық Марк Арендцке, «күміс» украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.